204 rob
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда аккредиттелген әскери атташелер ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына (KAZCENT) барды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әскери-дипломатиялық корпус өкілдері үшін ұйымдастырылған брифингте Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин KAZCENT-тің қалыптасу тарихы мен бітімгерлік қызметті дамыту перспективалары туралы айтып берді.
Шетелдік қонақтар орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, әскери, полиция және азаматтық персоналдың БҰҰ бітімгерлік операцияларға қатысу үшін тілді үйренуі және бітімгерлерді даярлау процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Одан өзге олар оқу сыныптарын аралап, сабақтарға да қатысты.
Әскери дипломаттар орталықтың қызметін жоғары бағалап, оның жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесін атап өтті.
Источник: qazaq.asia