Кәсіподақтар мен Мәжіліс: Қостанай облысында заң жобасын талқылау

Кәсіподақтар мен Мәжіліс: Қостанай облысында заң жобасын талқылау

129 Awrora

Фотосурет: ҚХП партиясы

Қостанайда мәжілісмендер кәсіподақтар туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қостанай облысының Кәсіподақ орталығында Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Халық Партиясы фракциясының мүшелері Магеррам Магеррамов, Ислам Сұңқар және Кенжеғұл Сейтжан өңірдегі салалық кәсіподақ өкілдерімен кездесті.

Жиында өңірдегі кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері мен мәжілісмендер бастамашы болған кәсіподақтар туралы заң жобасы талқыланды. Фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов жобаның негізгі ережелері мен депутаттар ұсынған түзетулерге кеңінен тоқталды. Талқылау барысында қатысушылар өз ұсыныстары мен ескертулерін ортаға салды.

«Кездесу кәсіподақ қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатымен ұйымдастырылды. Біз осы заң жобасымен жұмыс барысында тиімді нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенемін» М.Магеррамов

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика