Домой Қазақша Көшпенділер ойындары 2024: ынтымақтастық және федерация жоспарлары

Көшпенділер ойындары 2024: ынтымақтастық және федерация жоспарлары

19
0

Көшпенділер ойындары 2024: ынтымақтастық және федерация жоспарлары

160 Awrora

Фотосурет: Gov

Елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінде Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сонымен қатар іс-шара барысында келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын 5-ші дүнежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы сөз болды.

Төл спортымызды дәріптеуге арналған басқосуға Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының президенттері, өңірлік спорт басқармаларының басшылары, аймақтардағы ұлттық спорт мектептері мен клубтарының басшылары және «Қазспортинвест» АҚ мамандары қатысты.

Жиында сөз алған Ербол Мырзабосынов ұлттық спорт – ұлттық құндылығымыздың, ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі екенін айта келіп, ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және халықаралық аренаға шығару басты міндет екенін жеткізді.

«Ұлттық спорт түрлерінен аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе осы бағытта бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Биыл ұлттық спорттың бірнеше түрінен әлем және Азия чемпионаттары, Әлем және Азия кубогі, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары сынды ірі жарыстар өткізілді. Спортшылардың нәтижесі жаман емес. Бірақ алда тұрған міндеттер көп. Бүгінгі таңда соның ең бастысы – 2024 жылғы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын абыроймен өткізу. Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін мықты дайындық қажет. Баршаңызды алдағы Көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізуге атсалысуға шақырамын» Ербол Мырзабосынов

Күн тәртібінде тұрған Ұлттық спорт түрлерінен республикалық федерациялардың атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары, Республика бойынша ұлттық спорттың дамуы, 5-ші Дүниежүзілік  көшпенділер ойындарына дайындық барысы, Ұлттық спорт түрлерін дамыту және әр түрлі мәселелер бойынша федерация басшылары, ұлттық және ат спорты орталығының директоры, «Қазспортинвест» АҚ президентінің орынбасарлары баяндама жасады. Әрбір федерация атқарған жұмыстарына есеп беріп, Ұлттық спорттың әлеуетін арттыру мақсатында ұсыныстар айтты.

Жиын соңында ұлттық спорт түрлерінің өзекті мәселелері талқыланып, оң шешім табу үшін барлық федерация бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму