«Күміс жас» жобасы кеңейтіледі: биылдан бастап оған 50 жастан асқан адамдар қатыса алады

«Күміс жас» жобасы кеңейтіледі: биылдан бастап оған 50 жастан асқан адамдар қатыса алады

339 rob

Фотосурет: АР

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жыл сайын кемінде 15 мың адамды қамту жоспарланған. Өткен жылы аталған жоба 61 жастан асқан адамдарға арналса, биылдан бастап оған 50 жастан асқандар да таратылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Біз жобаға қатыса алатын тұлғалар ауқымын кеңейттік. Олардың басым бөлігі әйелдер болғандықтан, оларды негізінен әлеуметтік жобаларға тартылады. Бұл жеке көмекшілер, әлеуметтік қызметкерлер, атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі кеңесшілер, жұмыспен қамту орталықтарындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілер» Тамара Дүйсенова

Т. Дүйсенованың айтуынша, бұл жұмысқа Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері де атсалыспақ.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика