Көлік комитеті «Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау жұмыстарын күшейтеді

Көлік комитеті «Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау жұмыстарын күшейтеді

289 Awrora

Фотосурет: DKNews

Наурыз айынан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалына арналған Patentes Talgo S.L. компаниясының өнімі саналатын жүрдек пойыздарда техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелген.

Бұл келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған.

Мәселен, былтыр ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салынып өндірілген.

Көліктік бақылау органдары «Аршалы – Анар» учаскесінде Петропавл – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының техникалық вагонындағы өрттің шығуына байланысты кейінгі оқиғаны ескеріп, Patentes Talgo S.L. жолаушылар пойыздарына профилактикалық бақылау жұмыстарын күшейтуді ұйғарды. Ведомство өкілдері оның нәтижелерін қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Сонымен қатар биыл наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылады. Бұл ақауы бар вагондарды анықтап, олардың рейске шығуына жол бермейді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика