209 Арман
2023 жылғы 4 қаңтарда Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне орталық аудандық ауруханадан Кеген ауданының Кеген ауылында көппәтерлі тұрғын үйде 4 адам көміртегі тотығымен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мән-жайларды анықтау үшін шақыру орнына дереу Кеген ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін, бітелген мұржаның салдарынан қатты отынмен жылытуды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан, 4 адам көміртегі тотығымен уланғанғандығы анықталды: 1997 жылы туылған әйел және 2019, 2020 және 2022 жылы туған 3 бала. Олар орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа дәрежеде.
Айта кету керек, Алматы облысы ТЖД қызметкерлері 2022 жылғы 9 желтоқсанда осы көппәтерлі тұрғын үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жаднама мен түбіртек-ұсыныс берген болатын.
Дәл сол күні Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық ауруханасына улы газдан уланған 1956 жылы туған Пресновка аудан орталығының жеке тұрғын үйінің иесі түсті.
Әйелдің қатты отынмен жылытылатын пештің түтінденуі салдарынан уланғаны анықталды. Егжей-тегжейлі тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзушылықтар анықталды. Түтін құбыры, түтін мұржасы, жылыту пешінің элементтері жылыту кезеңінің басында және оның барысында тазаланбаған, пеш жарамды есіктермен жабдықталмаған, жанғыш конструкциялардан қашықтық нормалары қамтамасыз етілмеген.
Жоғарыдағы жағдайдағы сияқты, көрсетілген мекен-жайға барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жаднамалар тарата отырып, ауланы аралау 2022 жылдың желтоқсан айында жүргізілді.
Уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында ҚР ТЖМ тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруді, пеш және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуды ұсынады. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек.
Азаматтардан жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз.
Егер өрт орын алса, дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалу қажет.
Источник: qazaq.asia