Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі: мемлекет жұмыс орындарын құру және азаматтардың жалақысын көбейту бағытында жұмыс жүргізіп келеді, түрлі мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламалары іске асырылып, тиісті инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығы туралы әрдайым атап өтеді.
«Әлеуметтік кепілдіктердің ағымдағы көлемі қысқармауы керек, ол шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына қайта бөлінуі тиіс. Мемлекет әлеуметтік жәрдемақысыз күнелте алмайтын топтарға қажетті көмек көрсететін болады. Әлеуметтік кепілдіктердің бәрі жәрдемақылар төлеуге емес, өнімді жұмыс орындарын құруға бағытталған белсенді әлеуметтік саясатқа негізделуі керек. Бұл “Жалпыға бірдей жұмыспен қамту” қағидатын іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді биылғы көктемде өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев.
Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, республикада әлеуметтік міндеттемелердің барлығы мүлтіксіз орындалуда. Сондай-ақ бюджеттің мүмкіндігіне қарай зейнетақы, жәрдемақы және басқа да қолдау шаралары ұлғаюда.
Primeminister.kz редакциясы Қазақстанның ағымдағы жыл қорытындысы туралы кезекті шолуды ұсынады. Ол әлеуметтік салаға арналады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Источник: qazaq.asia