359 Awrora
Фотосурет: Depositphotos
Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 95 кәсіпорнында 8,2 мың жұмыскердің алдында 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 24 нұсқама беріліп, 3,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 6,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 948 млрд теңге төленді.
Источник: qazaq.asia