219 rob
Фотосурет: Gov
2022 жылдың 29 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына қол қойған болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл заңның нормалары азаматтық авиация, автомобиль жолдары, теңіз және темір жол көлігі, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастыру тетігін жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» Жол картасына сәйкес жолаушылардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру қарастырылғанын да айта кетейік.
Осы орайда аталған заңды қабылдауда жолдардағы көліктік бақылауды автоматтандыру, теңіз көлігі саласындағы халықаралық шарттардың нормаларын имплементациялау, теміржол көлігіндегі оқиғалар мен кемелердің қатысуымен орын алатын апатты жағдайлардың тергеу тәртібін жетілдіру көзделді.
Сонымен қатар аталған заңда ұлттық заңнамаға Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылған тәжірибесін, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы өзге де халықаралық ұйымдарының талаптарын, оның ішінде Еуропалық одақтың озық авиациялық талаптарын имплементациялау белгіленген.
Источник: qazaq.asia