230 Арман
2023 жылғы 4 қаңтар күні сағат 17:00-де Атырау облысы ТЖД құтқарушылары және аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Құрманғазы ауданында жоғалған азамат Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінен 3 км қашықтықта орналасқан Шортанбай ауылынан аман – есен табылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Көптоғай ауылының тұрғыны 1972 ж.т. азамат 2023 жылдың 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған болатын.
Құтқарушылар, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындардың күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары 2 күнге жалғасқан болатын.
Табылған азамат медициналық көмекті қажет етпеді. Денсаулығы қалыпты. Белгілі болғандай, жәбірленуші психологиялық диспансерде есепте тұр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылған.
Источник: qazaq.asia