236 rob
Қазіргі уақытта Алматы облысының Жиделі ауылдық округінде мұз кептелісін жою жұмыстары жалғасуда. Су басу қаупі жойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және мердігер ұйымның күштерімен үйінді бөгет салу және суару арнасын механикаландырылған тәсілмен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 5 тоннаға жуық инертті материалдар төселген, су жүру қаупі жоқ.
Осы жұмыстарға ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымның 38 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 ақпанда көзбен шолып тексеру жүргізу кезінде Балқаш ауданында, Жиделі ауылдық округінің аумағында, Бәйменей ағынының Балқаш көліне құятын жерінде мұз кептелісі орын алғаны анықталды. Каналдың ені 5-6 метр, тереңдігі 4 метр, су ағыны секундына 0,4 текше метр. Соның салдарынан Жиделі ауылдық округі арқылы өтетін Байменей өзенінен бөлінетін суару каналындағы су деңгейі көтеріліп, Жиделі ауылдық округінің су басу қаупі туындады. Аталған ауылдық округте 293 жеке тұрғын үй бар, онда 1330 тұрғын тұрады.
Источник: qazaq.asia