Биылғы жылдың 10 айында Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% құрады. Бұл — республикада жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Бұл туралы
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Биылғы жылдың 10 айында Жетісу облысында экономиканың өсу қарқыны 112,9% құрады. Бұл — республикада жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында брифингіге қатысқан Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Өткен он айда салалардың ішінде, әсіресе, құрылыс жұмыстарының көлемі бір жарым есе ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру – 22,6%, сауда 1,6 есе өсті. Жыл басынан бері облыс экономикасына жиырма пайыз өсіммен 240,7 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 143,4 млрд. теңге», — деп атап өтті облыс әкімі.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Источник: qazaq.asia