274 Awrora
Жетісу облысы ТЖД газ баллондарды қолдану қағидаларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2023 жылдың 20 қаңтарында сағат 13.36-да Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде көлемі 5 литр газ баллонының жарылысы, кейіннен 100 шаршы метр аумағында үйдің жануы орын алды. Оқиға салдарынан төрт адам, оның ішінде бір бала медициналық мекемеге жатқызылды (1956 және 1980 жылдары туған әйел адамдар, олар денесінің 40-50% күйіктерімен жансақтау бөлімінде, орташа ауырлықтағы 1961 жылы туған ер адамның қолын күйік шалған және 2019 жылы туған бала қол мен аяқтың жеңіл күйіктерін алған).
Жетісу облысы ТЖД 5 қызметкер және 2 бірлік техника күшімен өрт сағат 14.15- те жойылды.
Жарылыстың алдын ала себебі — қатты отынмен жылытылатын пештің жанында 5 литрлік газ баллонын жылытуы.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және газ баллондарды жылыту пештерінің жанында және басқа да жылдам қыздыру тәсілдері арқылы жылытпауға кеңес береді.
Источник: qazaq.asia