296 Awrora
Фотосурет: tekelinews.kz
Жетісу облысы экономикалық даму көрсеткіштері жағынан 2022 жылды жақсы аяқтап, облыстар арасында төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін үкіметте өткен Қазақстанның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы мәселе қаралған кеңесте барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім байқалған облыстардың ішінде Жетісу облысы да аталды.
Осыған орай Жетісу облысының 2022 жылдағы даму қорытындылары туралы облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов журналистерге сұхбат берді. Оның айтуынша, Жетісу облысы жаңадан құрылған кезде, яғни жарты жылдықтың қорытындысы бойынша соңғы орында болатын. Жеті негізгі көрсеткіштің төртеуі төмен деңгей көрсеткен.
«Дегенмен дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында 9 айдың қорытындысында республика көлемінде алғашқы ондыққа кірдік. Ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазір облыстар арасында 4-ші орынға көтерілдік» Жеңіс Тұяқов
Жетісу облысы экономикадағы негізгі 7 көрсеткіш бойынша жоспарды толық орындаған. Көрсеткіштерге келсек, өңір инвестиция тартуда екінші, тұрғын үй құрылысында үшінші орында. Мәселен, инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 16,3 % артып, 269,7 млрд. теңге инвестиция тартылған.
Ал тұрғын үй салу жоспардың 108,8% құрап, бір жылда 295 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Мемлекеттік бюджет кірістері бойынша жоспар 132,8% орындалып, 198,1 млрд. теңге түскен, соның ішінде республикалық бюджетке – 135,8 млрд. теңге немесе 129,5%, жергілікті бюджетке 62,3 млрд. теңге түскен немесе бұл жоспарланған көрсеткіштің 140,5%-ы.
«Биылғы жылы да облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды жалғастыратын боламыз» Жеңіс Тұяқов
Источник: qazaq.asia