Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында қатты аяз болады

Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында қатты аяз болады

Фото: ғаламтордан

Қазақстанның бірқатар өңірінде 36 градусқа дейін аяз болады.

Алматы, NEGE. Синоптиктер еліміз бойынша 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамымен бөлісті.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде,  таулы аудандарында сынап бағаны 31-36 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл облыстарында да сынап бағаны 30-32 градусқа дейін төмендеп, аяз күшіне мінеді.

«Республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Республикамыздың оңтүстігінде тұман тіркеледі», — деді «Қазгидромет» РМК.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика