354 Awrora
Жыл басында Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімдері және мекемелердің жүргізушілер қоғамының жетекшілерімен жиын өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әскери полиция бөлімінде өткен шарада Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімі әскери автомобильдік полиция бөлімше бастығының міндетін уақытша атқарушы лейтенант Әбдікәрім Дәуренов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының 2023 жылға арналған әскери көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін және әскери қызметшілердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары мен олардың ауыр салдарының санын төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары жоспарының бағыттарын жеткізді.
Сондай-ақ шарада жол-көлік оқиғаларының салдарының адами факторлардың қатысуымен болатын жарақаттар туралы және бүгінгі күнге дейінгі арнайы мекемеде тіркеуден өткен статистикалық мәліметтерді жеткізіп, аймақта орын алған оқиғалардан бірнеше мысалдар келтірді.
Жиын соңында әуесқой автомобильшілер қоғамдарының төрағаларына:
- Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бағдарламалардың, жоспарлардың сапалы орындалуы қамтамасыз етілуі;
- Құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа тәсілдері мен амалдарын ойластыру және оны тәжірибеге еңгізуі.
- Масан күйде көлік басқаруды алдын алу жұмысы бойынша шаралар күшейтіліп, жеке құраммен ұдайы профилактикалық шаралар жүргізу тақырыбындағы ұсыныстарын берді.
«Жүргізушілер қоғамының жетекшілерімен осындай сабақтар өткізу мамандарымыздың біліктілігін жоғарылатып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды. Іс-шараның негізі жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып саналады. Сонымен қатар жол жүру ережелеріне енгізілген жаңалықтарға да толық түсініктеме береміз» Аягөз гарнизоны әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің бастығы міндетін уақытша атқарушы лейтенант Әбдікәрім Дәуренов
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өтетін әртүрлі түсіндіру жұмыстары әскери қызметшілердің қатысуымен болатын құқық бұзушылық оқиғаларының азаюына септігін тигізуде.
Источник: qazaq.asia