Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді

Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді

Фото: ғаламтордан

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілді, деп хабарлады Антикор. 

Алматы, NEGE. Түзетулер осындай адамдардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл адамдар тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауаптылыққа тартыла алмайды, лауазымынан босатыла алмайды немесе басқа лауазымға ауыстырыла алмайды.

Бұл ретте мемлекеттік орган немесе ұйым алқалы органның отырысына қатысу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілін шақыруға міндетті болады.

Сондай-ақ, мұндай ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу арқылы осы адамдар туралы құпия ақпаратты қорғау шаралары күшейтіледі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика