Жекпе-жекте мықтылар іріктелді

Жекпе-жекте мықтылар іріктелді

202 Awrora

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонының спорт кешенінде  әскери қызметшілер арасында  әскери жекпе-жек сайысынан іріктеу жарысы өтті, передает DKNews.kz.

Әскери спорт түрлерінің ішіндегі ең көрнекі жекпе-жектің бірі болып саналатын қоян-қолтық ұрысын өткізудің басты мақсаты, Қарулы Күштерімізде әскери қоян-қолтық ұрысын кеңінен насихаттау, дамыту және әскери жауынгерлердің рухын көтеру болып табылады.

Іріктеу сайысына гарнизондағы барлық  әскери бөлімнен тоғыз команда, оның ішінде 60-қа  жуық әскери қызметші қатысып, жеті салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жарысқа қатысушылар жекпе-жек барысында мықты дене дайындығы мен шеберліктерін көрсете алды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер гарнизон бастығының кубогы және медальдарымен марапатталды.

«Әскерде жүріп осы жекпе-жек спорт түрін дұрыс көріп, дамыттым. Турнир барысында жауынгерлер өз шеберліктерін көрсете білді. Қарсыластарымның өте күшті дайындықпен келгендері байқалды. Әйтсе де жеңіске жету үшін барымды салып, 95 келіден жоғары салмақта топ жардым» Жарыс жеңімпазы капитан Рустам Ясинов

Айта кетейік, бұл тартысты додада қарсылас щыдатпаған жарыс жеңімпаздары гарнизон құрама командасына еніп, алдағы «Шығыс» өңірлік қоласшылығында өтетін  сайысына жолдама алды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика