159 Awrora
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Елордада ұландықтар жоғалған баланы ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған баланы тез арада тапты. Қазір бес жасар қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
21 қараша күні кешкі сағат 19:30 шамасында Астана қаласының ЖБО-дан әскери жасақ бойынша кезекшінің рациясына бала жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Көп ұзамай оқиға орнына жақын орналасқан барлық әскери жасақ бес жасар қызды іздеуге кірісті. 30 минуттан кейін патрульдік топтың бастығы кіші сержант Қажымұқан Мелдеш пен патрульдер қатардағы Александр Иванов пен Кенжебек Ережеповтен құралған әскери жасақ «Asiya» дүкенінің жанында жылап жатқан баланы байқады.
«Біз бағдарлау белгілеріне сәйкес келетін баланы байқадық. Қызға жақындаған кезде біз оның адасып кеткенін және өз ауласына жол таба алмайтынын білдік. Содан кейін біз жоғалған баланы ата–ананың қолына бердік» Кіші сержант Қажымұқан Мелдеш
Ата-аналар әскери қызметшілерге іздестіруге көмектескені үшін алғыстарын білдірді. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жауынгерлік қызмет атқару кезінде байқампаздығы мен шебер іс-әрекеті үшін әскери жасақ бөлім командирінің құқықтарымен көтермеленді.
Источник: qazaq.asia