Жазық аумақтағы қар жамылғысындағы ылғал қорының көрсеткіштері негізінен орташа жылдық мәндерден жоғары

Жазық аумақтағы қар жамылғысындағы ылғал қорының көрсеткіштері негізінен орташа жылдық мәндерден жоғары

213 rob

Фотосурет: wallhere.com

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология және табиғи ресурстар министрлігінің су тасқыны кезеңіне дайындығы және алдын ала гидрометеорологиялық жағдай бойынша брифинг өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Вице-министр Ғалидулла Азидуллиннің айтуынша, 2023 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша жазық аумақтағы қар жамылғысындағы ылғал қорының көрсеткіштері негізінен орташа жылдық мәндерден жоғары.

«Ұлытау облысының Кеңгір өзенінің алабында 28%-ға; Қостанай облысының Қараторғай өзенінің алабында 26%-ға; Ақтөбе облысының Ілек өзенінің алабында 15%-ға. Қарағанды облысының өзен алаптарында, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген өзен алаптарында орташа көпжылдық мәндер шегінде байқалады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Ұлытау және Қостанай облыстарының өзен алаптарында орташа көпжылдық мәндерден төмен», — деді ол.

2023 жылғы 1 ақпандағы қар өлшеу маршруттарының деректері бойынша елдің таулы бөлігінде қар қоры бойынша жағдай орташа көпжылдық мәндерден жоғары.

«Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының аймақтарында, сондай-ақ Ертіс өзенінің сол жағалауындағы салаларда және Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінде 33-80%-ға; Жетісу облысындағы Жетісу Алатауы өзендерінің алаптарында 39%-ға; Түркістан және Жамбыл облыстарындағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс беткейіндегі өзендердің бассейндерінде 13-29%-ға; Алматы облысындағы Іле Алатауының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің, сондай-ақ Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзен алаптарында орташа көпжылдық мәндер шегінде; Түркістан және Жамбыл облыстарының тауларындағы орташа көпжылдық мәндерден төмен», — деді вице-министр.

Сонымен қатар топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштері орташа көпжылдық мәндерден жоғары. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өзендерінің алаптарында, Қостанай облысы өзендерінің алаптарында, Атырау және Ақтөбе облыстары өзендерінің алаптарында, Батыс Қазақстан облысы өзендерінің алаптарында жоғары. Орташа көпжылдық мәндерден Қарағанды облысы өзендерінің алаптарында және Ұлытау облысы өзендерінің алаптарында, сондай-ақ Ақмола облысының жекелеген өзендерінде, Ақтөбе облысының жекелеген өзендерінде төмен.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика