270 rob
Аягөз гарнизоны инженерлік-саперлік батальоны «Майлин» оқу-жаттығу полигонында жеке құраммен «Жару жұмыстарының тәсілдері» тақырыбында практикалық сабақтар өткізді, передает DKNews.kz.
Аталған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери бөлімге жаңадан келген жас офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің біліктілігін арттырып, кәсіби дағдыларын жауынгерлік ұрыста және кенеттен туындаған жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету болып табылады.
Оқу-жаттығу барысында инженерлік қалашық алаңында үш оқу нүктесі құрылды. Ең бірінші нүктеде жеке құрамға қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Ал, қалған екі нүктеде жарылғыш заттарды отпен жару және электр әдісі арқылы жарудың қыр-сыры толықтай түсіндірілді.
— Бүгінгі тәжірибелік сабақ кезінде бөлімшелер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, жарылғыш заттарды отпен және электр әдісі арқылы жаруды меңгеріп, шеберліктерін арттырды. Сонымен қатар, осындай сабақтар жеке құрамның теориялық білімдерінің нығаюына, тәжірибе алмасуына және бөлімшенің қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз, – деді штаб бастығы капитан Нұрберген Нұржұманов.
Источник: qazaq.asia