204 rob
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі
Биыл ауданы 64,8 га болатын 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылды: Оқушылар сарайы, ҚБТУ, Байсейітова көшесі, Желтоқсан саябағы, Көкмайса ықшамауданы, әуежайдың даңқ алаңы. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.
2024 жылы Сайран көлінде жаңа жасыл қоғамдық кеңістік құрылып, жұмыс 2025 жылы аяқталады.
Өжет, Кемел ықшамаудандары мен Боралдай өзенінің бойында 3 жаңа саябақ салу қарастырылуда. Сондай-ақ қолданыстағы 3 саябақ аймағын — Баум тоғайы, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы мен Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңартып, абаттандыру жоспарда бар.
Нәтижесінде 2022-2023 жылдары саябақ аумақтарының ауданы 397 га-дан 977 га-ға дейін кеңейтіліп, 2024 жылы 1 080 га-ға дейін ұлғайтылмақ.
Источник: qazaq.asia