180 rob
Фотосурет: Шығыс-ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде 6699 әскери бөлімі «Әскерге шақырылушылар күні» шарасын ұйым-дастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әскери оркестрдің ән-шашуларымен басталған салтанатты рәсімде әскерге шақырылушыларға жылы лебіздер жолданды. Жиналған жас толым легі Ұлттық ұлан қатарына қабылданбақ.
Сондықтан 6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі капитан Нұрбек Жукубаев Ұлттық ұлан қатарында қызмет етудің артықшылықтарын алға тартты. Ал ата-аналар тарапы болса көкейтесті сауалдарына жауап ала білді. Сонымен қатар, болашақ Отан қорғаушылар үшін ұйымдастырылған іс-шараның ажарын ашып, белсенділік танытқан 6699 әскери бөлімінің әскери оркестріне алғыс хат табысталды.
– Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышымды өтеу мен үшін зор мақтаныш. Сондай-ақ әскер сапындағы сарбаздарға мемлекет тарапынан толассыз қолдаулар мен жеңілдіктер жыл сайын бой көтеріп жатыр. Бұл да менің құлшынысыма серпін берді деп ойлаймын, – дейді әскерге шақырылушы Бекарыс Марсыбаев.
Жуырда Шығыс Қазақстан облысынан Отан алдындағы әскери борышын өтеу үшін 700-ден аса жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Еске салайық, әскерге шақырту алған әр азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге немесе жергілікті әскери басқару органдарына барып тіркеліп, психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өтуі қажет.
Источник: qazaq.asia