Жас сарбаздар алғашқы рет қарудан оқ атты

Жас сарбаздар алғашқы рет  қарудан оқ атты

177 Awrora

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонындағы артиллериялық әскери бөлімінің 90-ға жуық жас сарбазы «Майлин» далалық тәжірибелік жаттығу полигонында  алғаш рет автоматтан оқ атып, өздерінің жауынгерлік біліктіліктерін арттырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жас толым атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындау алдында ұрыс қаруының құрылымын, шынайы жауынгерлік ұрыстағы мүмкіндіктерін, ерекшелігін және де қауіпсіздік шараларын теория жүзінде игерген болатын. Сондай-ақ, оқ-ату жаттығуларын бастамас бұрын жас толыммен қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. Командирлер ату және дұрыс көздеу туралы бірқатар нұсқамалар берді.

Бұл алғашқы жаттығуларды жас әскерилердің «жауынгерлік  жолының бастамасы» деп айтуға болады. Әскердегі  бір жыл қызмет ішінде оларды осындай ауқымды оқу-жаттығулар мен далалық  жиындар күтуде.

«Біз бүгін алғаш рет атыс қаруынан бастапқы жаттығуды орындадық. Жаттығуды өте жақсы деген бағаға орындадым. Бұл жетістігім командирлеріміздің үйреткен әдіс-тәсілдерін қолданудың нәтижесі деп ойлаймын» Жас сарбаз Жанат Қалым

Артиллерия әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Ержан Қошқаров айтуынша, алғашқы ату-жаттығу қорытындысы күтпеген нәтижелермен ерекшеленді.

«Жас толықтырудың ішінен бірнеше  сарбаз нысаналарға дәл тигізіп, жоғары балл жинады.  АК-74 қаруын алғаш қолға алған сарбаздар үшін бұл жақсы нәтиже екенін айта кеткен жөн.  Біздің сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді ант қабылдауға әзір» Подполковник Ержан Қошқаров

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика