Жас Отан қорғаушылар әскери қызметке бейімделуде

Жас Отан қорғаушылар әскери қызметке бейімделуде

255 rob

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизоны әскери бөлімдеріне Отан алдындағы борышын өтеуге келген 300-ге жуық жас сарбаз даярлық курсынан өтуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осы жылдың күз мезгілінде Аягөз гарнизонына еліміздің әр аймағынан азаматтық борышын өтеуге келген 300-ге тарта жас сарбаз Отан қорғаушылармен тең дәрежеде сапқа тұру үшін бір ай көлемінде арнайы даярлық курсынан өтіп жатыр. Жас жауынгерлерге тағайындалған тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскери қызметке бейімделуге көмектесіп, әскери мамандықтарға үйретеді.

Жоспарға сәйкес жас сарбаздар саптық, тактикалық, атыс, денешынықтыру, медициналық дайындық сабақтарын оқып, әскери жарғыларды, сондай-ақ жалпы күн тәртібін меңгеруде. Әскери борышын атқару барысында жас сарбаздар ізгі қасиеттерді бойларына сіңіріп, табанды әрі төзімді болуды үйренуде.

Әскерге алынған сарбаздар жас жауынгерлер курсынан өтіп, олар ҚР Қарулы Күштерінің тарихын, әскери істің негіздерін үйреніп, сап дайындығы сынды түрлі дайындықтан өтуде. Батылдық пен қырағылық, әскери антқа адалдық туралы түсінікпен танысу жұмыстары жүргізілуде Танк әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Қашқынбаев

Бүгінде борыштарын өтеуге келген жас жауынгерлер арнайы дайындықтан өткеннен кейін қараша айының соңында Отан алдында адал болуға ант беріп, алдағы бір жылдық қызметтеріне кірісетін болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика