Фото: ғаламтордан
Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова өзінің жаңа лауазымына тағайындалуына байланысты сұрақтарға жауап беріп, қоғамда әйелдерге қатысты эйджизм, сексизм туралы айтты.
Алматы, NEGE. Үкімет отырысынан кейін журналистер министрлер кабинетінің жаңа мүшесінен оның тағайындалуы және жасына байланысты қандай сындардың айтылып жатқанын сұрады.
«Иерархияны ешкім де жойған жоқ. Қалай болғанда да ортақ тіл табамыз. Мен олардың көпшілігімен бұрын да жұмыс істегенмін. Сондықтан, алдағы уақытта да жұмыс істей аламын. Біраз әріптестерім, яғни министрлер құттықтап, мені қолдауға дайын екендіктерін жеткізді. Әкімдер де қолдау танытты. Өте ризамын. Эйджизм, сексизм туралы айтар болсақ, өкінішке қарай қоғамда әйелдерге қатысты ондай жағдайлар болып тұрады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, жалпы әлем елдеріне қатысты. Менің ойымша, бұл мәселеге философиялық тұрғыдан қарау керек. Уайымдамаудың қажеті жоқ, іспен дәлелдеу керек. Маған қатысты Қазақстанда емес, халықаралық алаңда «жап-жас қыз» деген пікір айтылды. Ондай пікірлерге философиялық тұрғыдан қарап, жұмыс істеуді жалғастыра беру қажет. Өмірде үнемі бәрі жақсы, ойдағыдай бола бермейді. Хейтер, көреалмаушылық, негатив болып тұрады. Бұл жайтқа да философиялық тұрғыдан қараған жөн. Егер теріс пікірлер мен көреалмаушылардың әр сөзіне мән берсек, көміліп қалуға болады. Министр ретінде маған артылған жауапкершілік жоғары, сондықтан көреалмаушыларға уақыт жоқ», — деп жауап бердіЗүлфия Сүлейменова.
Источник: qazaq.asia