264 Awrora
Фотосурет: Gov
Жас жазушылар мен ақындар 2023 жылы Президенттің әдебиет сыйлығын алады. Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Бұл туралы бүгін алқа отырысында Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды DKNews.kz.
А.Оралов осындай қолдау шарасы дарынды жазушылардың жаңа буының қалыптастыратынын атап өтті.
Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлеріне де үлкен көңіл бөлінетін болады.
«Мәдениет қызметкерлерінің халықаралық форумын ұйымдастыру жоспарда бар. Бұл сала мамандарының біліктілігін арттырып, халықаралық тәжірибелерді игеруіне мүмкіндік береді. Осы айтылған жұмыстардың жоғары деңгейде жүзеге асуына зиялы қауымның белсенді қатысуы өте маңызды. Қоғам мен жастардың тәрбиесінде аға буынның атқаратын рөлі зор, алатын орны ерекше» Асхат Оралов
Источник: qazaq.asia