227 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Алматы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ кепілі – балалар» атты форум өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Саматұлы, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров, Asar-Ume қайырымдылық қорының негізін қалаушысы Асхат Нұрмашев, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Асанов, «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы және блогер Алексей Лодочников қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Форумның негізгі мақсаты – пәндік олимпиадаларда, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстарда жетістікке жеткен ауданның қабілетті және талантты оқушыларының шығармашылық әлеуетін ынталандару және тәжірибе алмасу.
Форумға 1-11 сынып аралығындағы 268 оқушы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты.
Форум бағдарламасында онлайн құттықтау, TED talks форматында сұхбаттасу, марапаттау, арнайы сыйлықтар және фуршет өтті.
Аталған форум аясында аудандағы белсенді оқушыларға арналған осындай қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды, балалар форумға қатысушылардың танымдық баяндамаларын, іс-тәжірибелерін қызыға тыңдап, пікір алмасты.
Источник: qazaq.asia