185 rob
Фотосурет: ҚР МҚІА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жәннат Дүбірова өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Манчестер университетінің (Ұлыбритания) түлегі. 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Источник: qazaq.asia