224 rob
Жыл сайын Жамбыл облысының құтқарушылары қар басқан жолдарда қалып қойған азаматтарды құтқарады. Көптеген автокөлік иелері ауа райы туралы ескерту хабарламаларын елемейді, нәтижесінде құтқарушылардың көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өткен тәулікте 3 қаңтар күні сағат 10.15-тен 4 қаңтар таңғы 5:00-ге дейін Жуалы, Сарысу және Қордай аудандарының өрт сөндіруші-құтқарушылары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде 326 адамды құтқарып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді,олардың ішінде 72-і балалар.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері құтқарушыларының жедел және кәсіби іс-қимылдарының арқасында құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді. Есесіне, құтқарылған азаматтардың арасында осындай қиын жағдайда дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс білдірген азаматтар да болды. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға үйден шығарда келіп түскен хабарламаларға жіті назар аударып, өздерімен бірге әрдайым жылы заттарды бірге алып жүруге шақырамыз. ТЖ немесе көмек көрсету қажет болған жағдайда шұғыл түрде «112» нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске саламыз.
Источник: qazaq.asia