402 Awrora
Күннің жылынуына байланысты Жамбыл облысының аумағында аула аумақтарын су басу жағдайлары жиі кездеседі. Облыстағы ахуал бақылауда тұр. Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары су басу салдарын жою және халыққа көмек көрсету жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты дайындыққа келтірілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мәселен, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарындағы бірнеше елді мекендерінде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде.
Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша жағдай тұрақты. Еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізілуде. 60-қа жуық адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа жұмыс жүргізуде. Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де облыстың ЖАО және ТЖД өкілдері жұмыс жүргізуде.
Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдау жұмыстары жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрақты бақылауда.
Жамбыл облысы ЖАО және ТЖД бөлімшелері су айдау жұмыстарын уақтылы жүргізуде. Т. Рысқұлов атындағы ауданның бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталғаннан соң, күштер мен құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.
Құрметті азаматтар! Есіңізде болсын, арық жүйесін уақтылы тазарту, қар шығару, арықтарды қоқыстардан тазарту және басқа да алдын алу шаралары маңызды профилактика болып табылады және тұрғын үйлер мен көшелердің аула аумақтарын су басудың алдын алуға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында 4-10 ақпан аралығында дауылды ескерту жарияланған.
Источник: qazaq.asia