Жайылымдарды пайдалану туралы заң жобасы: мәселелерді шешу және ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту

Жайылымдарды пайдалану туралы заң жобасы: мәселелерді шешу және ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту

193 rob

Фотосурет: Liter.kz және А. Байжұманов / Сенаттың баспасөз қызметі

Бүгін Сенатта «Жайылымдарды пайдалануды құқықтық реттеу саласындағы заңнама: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылығы және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Бектаев дөңгелек үстел отырысына төрағалық етті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жайылымдық жер жыл сайын қысқарып келе жатқанын және олардың басым бөлігі жеке тұлғаларға берілгені туралы мәселе көтерген болатын. Қазіргі уақытта барлық өңірлердегі ауылдық елді мекендерде жайылымдық жердің тапшылығы байқалып отыр. Малдың шамамен 80%-ы ауылдық елді мекендерде және оның айналасында жайылады. Бүгінде мал шаруашылығының қарқынды дамуы жайылымдармен тығыз байланысты екені баршаға белгілі» Әли Бектаев

Отырыс барысында 2017 жылы жайылымдарды ұтымды пайдалануға және олардың инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға, сапасының нашарлауына жол бермеуге бағытталған «Жайылымдар туралы» заң қабылданғаны атап өтілді. Сонымен қатар жайылымдарды проблемаларды шешу және тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы депутаттарының бастамасы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.  Заң жобасының мақсаты – елді мекендердің тұрғындарына жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін жою, сондай-ақ ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту және жайылымдарды басқару болып отыр.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин мен экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Нүркен Шарбиев аталған мәселелерді шешу туралы өз ойларын ортаға салды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика