«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: Алматыда 17 мектеп және 4 қосымша ғимарат ашылды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: Алматыда 17 мектеп және 4 қосымша ғимарат ашылды

151 rob

Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда 2023 жылы Алматыда 17 мектеп және 5920 орынды 4 қосалқы нысан ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ желісі бойынша 13 мектептің құрылысы басталды және жеке инвесторлармен барлығы 37 100 орынды 9 мектепті салу мен сатып алу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды», — деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, 2024 жылы Алматының жеке даму бағдарламалары аясында 2 мектеп пен 4 қосалқы нысан құрылысын аяқтау, сондай-ақ 3 мектепті реконструкциялау жоспарлануда (№59, №155, №189), олар Бостандық, Әуезов және Түрксіб аудандарында орналасқан.

Ағымдағы жылдың соңына дейін кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізу барлық 206 мемлекеттік мектепте,
8 интернат және 194 мемлекеттік балабақшада аяқталады.

Сондай-ақ, Алматы әкімі 138 мың оқушы (олардың жалпы санының 45%) және 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік балабақшаларда ХӘОТ отбасыларынан шыққан 5,7 мың бала 20,9 млрд.теңге сомасына тегін тамақпен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Бұл жұмысты жалғастыруға 2024 жылы 20,8 млрд теңге қарастырылады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика