Жаңаөзенде үздік сарбаздарға жоғарғы оқу орындарына жолдама тапсырылды

Жаңаөзенде үздік сарбаздарға жоғарғы оқу орындарына жолдама тапсырылды

258 Awrora

Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жаңаөзен қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінде жоғары оқу орындарына жолдама алған үздік сарбаздар марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери бөлімшеде борышын өтеп жатқан 30 сарбаз еліміздің жоғарғы оқу орындарында тегін оқитын болды.

Олар әскерде бір жыл бойы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, бүгінде мемлекеттік грантқа ие болды. Енді сарбаздар бір айдан соң Алматы облысындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының студенті атанады. Жолдаманы әскери бөлім командирі подполковник Санат Табетов салтанатты түрде табыстады. Іріктеуден өтіп, бағы жанғандардың бірі – Ахат Сейтжаппаров.

Ол Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына қабылданды. Бұл жаңалықты естігенде қатты қуандым. Біз әскери борышымызды өтеуге келген кезде жыл бойы тәртібіміз жақсы, ал көрсеткіштеріміз жоғары болса, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік бар деп ескертті. Соның нәтижесін бүгін көріп отырмын», — деп ағынан жарылды сарбаз Ахат Сейтжаппаров.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика