Жаңа жылдық сиқыр: Жетісудағы көпбалалы отбасылардың балалары сыйлықтар алды

Жаңа жылдық сиқыр: Жетісудағы көпбалалы отбасылардың балалары сыйлықтар алды

276 rob

Фотосурет: Жеңіс Ысқабай

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев балаларға Мемлекет басшысының атынан сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Облыстың кішкентай тұрғындары – Текелі қаласының 4 сынып оқушысы Абылай Әбдірей, Талдықорған қаласының 3 сынып оқушысы Ақнұр Ерғали, Ескелді ауданының 6 сынып оқушысы Айбек Сағынбек, Көксу ауданының 2 сынып оқушысы Сұңқар Сейітқан және Панфилов ауданының 1 сынып оқушысы Омар Тұрсын Президенттің атына Жаңа жылда не қалайтыны жайлы хат жазған. Олардың бәрі – көп балалы отбасының балалары.

Балаларды құттықтаған облыс әкімі оларға өздері армандағандай Президенттің құттықтау хаттары мен жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етті.

Еске салсақ, дәстүрлі түрде жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның бүкіл өңірінде «Тілектер шыршасы» орнатылады, оған әрбір бала өз тілегі жазылған конверттерді сала алады. Биылғы жылы акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінен Президенттің атына көптеген хаттар келіп түскен, соның 100-ден астамы мүмкіндіктері шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасылардың балаларынан, жетім балалардан түсіпті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика