Домой Қазақша Жаңа жылдық мерекелік шара балаларды қуантты

Жаңа жылдық мерекелік шара балаларды қуантты

11
0

Жаңа жылдық мерекелік шара балаларды қуантты

226 Awrora

Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонының бастығы полковник Дәулет Сүттібаевтың бастамасымен қаладағы мәдениет үйінің төрінде әскери қызметкерлердің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Балалардың шат күлкісіне толған бұл шарада ертегі әлемінің кейіпкерлері сахналық қойылым көрсетіп, жас көрермендердің қошеметіне бөленді.  Содан кейін бүлдіршіндер мерекенің басты символы жаңа жылдық шыршаны айнала ән салып, аяз ата мен ақшақарды  қарсы алды. Артынша өздерінің әзірлеген  тақпақтарын айтып, асыға күткен сыйлықтарын алды.

Иә, Жаңа жыл —  жақсылық пен жаңалықтың жаршысы, әрі ең қызықты мереке.

Бұл ересектердің де, балалардың да асыға күтетін күндерінің бірі екені сөзсіз. Өйткені бұл мереке әр балаға ерекше көңіл-күй сыйлап, бақытқа жетелейді.

«Бүгін жаңа жыл мерекесі қарсаңында Аягөз гарнизонының әскери қызметшілерінің балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Біздің мақсатымыз балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болып табылады» 10810 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық дұмыстар жөніндегі орынбасары Бақыт Қашқынбаев

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму