151 rob
Фотосурет: Маңғыстау облысының ТЖД
20 желтоқсанда «Атамекен» алаңында Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығының Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Арман Теңел қатысуымен «Жаңа жылдық іс-шарада және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» тақырыбында жүрмелі брифингі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тұрғындар мен ұйымдар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихаттау кешені ұйымдастырылды, пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша Департамент жаңа жылдық іс-шараларды өткізетін 40 нысанды есепке алды.
Қалалар мен аудандарда жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындарда (білім беру, әлеуметтік, мәдени және спорт саласының объектілері) офицерлер құрамынан кезекшілікпен жедел топтар құрылды, іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды, ашық отты қолдана отырып арнайы эффектілерді пайдалануға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мерекелік іс-шараларға жұмылдырылған объектілердің жедел жоспарлары мен өрт сөндіру карточкаларына түзетулер енгізілді. Кәсіби авариялық-құтқару жасағының жеке құрамы мен техникасы дайындыққа келтірілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлермен және қызметкерлермен 47 нұсқаулық өткізілді, онда 400-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды. Адамдар көп жиналатын объектілерде жаңа жылдық іс-шараларда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша бейнероликтердің тәулік бойы көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушыларға терезелерінде торлары жоқ кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген үй-жайларды пайдалану, сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың кезекшіліктерін ұйымдастыру, үй-жайларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. туралы еске саламыз.
Источник: qazaq.asia