Жаңа жыл жауынгерлік міндетке толы

Жаңа жыл  жауынгерлік міндетке толы

180 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Алда келе жатқан жаңа жылды қарсы алумен үшін үлкен жауапкершілікке толы болмақ. Өткен жылдағыдай анамның  әзірлеген  ыстық асын,  түрлі салаттарын күтіп,  диванда  жаңа жылдық концерт  көріп  жатпаймын.  

Мемлекет басшысының  ақжарма тілегінен кейін сыртта  отшашу шашып,  туыс-туғанды  аралап жүрмеймін. Былтырғы жаңа жылдық  түн осылай  өтті.  Ағайын-туыс арасында да арқа-жарқа болып, дастархан  басында даладай пейілмен баладай мәз-мейрам қалыпта тарқастық.

Түннің бір уағында  үйімізге оралып, тәтті ұйқының  қойнына  еніп кеттім.  Алайда,   мені таңертең  келеңсіз  оқиға  күтіп тұрды.  

Түн ішінде  көлігімнің  дабылқаққығышы  іске  қосылғанын естігеніммен көкке қарай атылған отшашулар дауысынан болар деп топшылап, мән бермеп едім.  Ертесінде  ауладағы  көрініс мен үшін  «тосын сый»  болды. Кроссовер типті көлігімнің   арт  жақ терезесі шағылыпты. Абырой болғанда,  салон  ішіне  енген  тас басқа дүниеге зақым келтірмеген.  

Әншейін  де,  құлаққа  ұрған танадай  тыныштықта күн кешкен біздің көше бұндай бұзақы  әрекеттерден ада болатын.  Міне,  осы бір жағдай  менің кешеден бері айдын көлдей шалқыған шат көңіліме қою қара нүкте қойды. «Неге менің көлігім? Не жазып едім?»  деген  сауалдар  санамның саңылауынан  маза бермеді.  Көлік ішіне түскен таста адам қолының ізі қалған болар деп  сақтап  қойып едім. Алайда, өкінішке орай,  кім кінәліні табу  мүмкін болмады. Тәртіп сақшылары маңайдағы бейнекамераларды қарағанымен күдіктінің назарға ілігуі  мұңға айналды. Иә, бұл менің өткен жаңа жылдың алғашқы күнін қарсы алғаннан алған  әсерім.

Ал келер жаңа жылда мені жауынгерлік жасақ қатарында көше тәртібін бақылау күтіп тұр. Бұл міндетті абыроймен  атқарғым келеді.  Өйткені,  аққайнарға  сылқия  тойып  алып, ойына  келгенін  істейтіндер   әсіресе,  дәл сол түні көп жүреді. Былтырғы менің жағдайым сияқты қаннен қаперсіз жатқан адамның  жеке мүлкіне  зақым келтіру сияқты іс-әрекеттердің қайталанбауын қалаймын.

Сондықтан, жаңа жылда жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алғым келеді. Сол үшін барымды саламын. Себебі мерекелік көңіл күйде мейманасы тасыған жан үшін  бұндай жағымсыз жағдай тасадан оқ атқандай жаныңа батады.  Міне,  менің алдағы жаңа жылым, мерейлі мерекенің қалтарыстарында орын алатын оқиғалардың алдын алу. Жалпы, ет-жақындарыма  жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Алдағы жыл оң өзгерістер мен қуанышты кездесулерге,  бақытты оқиғаларға толы болсын.  Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір,  тыныштық  және  мол жақсылықтар әкелсін. 

Ануар Орынбай, 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика