Жүргізу дағдыларын жетілдіру: күзетшілер арнайы жүргізуші куәлігін алды

Жүргізу дағдыларын жетілдіру: күзетшілер арнайы жүргізуші куәлігін алды

224 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс»

Ұлттық ұланның  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығына қарасты әскери бөлім жауынгерлері  әскери  құрылымдарға  тиесілі  техникаларды  және   «D1»  санатындағы  көлік  құралдарын  жүргізу куәлігіне қол жеткізді. Әскери қызметшілерді  арнайы санаттағы көлік құралдарын жүргізуге даярлау —  Өскемен қаласындағы 3477  әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы орталығында  іске асады, деп хабарлайды DKNews.kz.   

Мұнда ұландықтар  отыз күн  бойы теориялық білім алса, келесі айда тәжірибелік сабақтарға қатысты.

Көлік жүргізуде  өрістерін кеңейтіп,  біліктіліктерін жетілдірген жауынгерлерге  тиісті құжатты  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығы  қолбасшысының  техника  және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Азамат Габдуллин  табыстады.  

 

—  Мен бұған  дейін В және С санатына жататын көліктерді ғана басқара алатынмын. Енді, міне, әскери құрылымдарға тиесілі 16 адамға арнғалған  арнайы әскери техникаларды жүргізбекпін.   Алдағы уақытта D санатындағы көліктерді де тізгіндейтін жоспарым бар. Әскери салада жүріп, көлік жүргізу қабілетімді арттырғаныма  бек қуаныштымын, — дейді  3514 әскери  бөлімінің аға маманы — аға жүргізуші  қатардағы Біржан Солтанғазин.

Ұландықтарды арнайы санаттағы көлік құралдарын басқаруға даярлау Ішкі істер министрлігінің «механикалық көлік құралдарының  жүргізушілерін  даярлау қағидаларын бекіту»  туралы  №862  бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асуда.

Еске салайық, 2022 жылы  алғаш рет қолбасшылық  қабырғасынан арнайы әскери техникаларды  басқаруға  даярлайтын  заманауи оқу-материалдық база  ашылған болатын.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика