174 rob
Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) жобасын әзірледі. Онда ұсынылатын шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға ықпал етеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тұжырымдама ұлттық басымдықтар мен мақсаттарды, сондай-ақ еңбек және жұмыспен қамту саласындағы халықаралық міндеттемелер мен стандарттарды ескере отырып әзірленген. Бұл стратегиялық сипаттағы құжат, онда 2030 жылға дейінгі кезеңге еңбек нарығын дамыту жөніндегі негізгі бағыттар, іс-шаралар, индикаторларды және жауапты орындаушылар айқындалған.
Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірлесіп, жұмыс орындарын құру динамикасы мен құрылымын ескере отырып, еңбек нарығын шолу, экономика секторларын талдау, өндірістік тізбекті оқшаулаудың қолда бар алғышарттары және т. б. бойынша талдау жүргізілді.
Тұжырымдаманың негізгі новеллаларының бірі «сапалы жұмыс орны» ұғымын енгізу болып табылады, оның негізгі сипаттамалары: тұрақты жұмыспен қамту (жылына кемінде 6 ай), еңбекақының лайықты деңгейі (өңірдегі медианалық жалақыдан төмен емес), қауіпсіз еңбек жағдайлары, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ қоғамдағы құрмет пен таным.
Дәл осы «сапалы жұмыс орны» барлық салалық мемлекеттік органдар жұмысының нысаналы индикаторына айналады.
Көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында елдің оңтүстік өңірлерінде бастапқы индустрияландыру, орталық және шығыс облыстарда қайта индустрияландыру, республиканың солтүстігінде агробизнесті кластерлеу жөнінде шаралар көзделген.
Сондай-ақ, Тұжырымдамада платформалық жұмыскерлерді (шамамен
1 млн қазақстандық) ресімдеудің, еңбек нарығы мен білім беру жүйесін синхрондаудың, еңбек нарығының инфрақұрылымын дамытудың жаңа тәсілдеріне үлкен көңіл бөлінді.
Ұсынылатын шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға әкеледі. Ел экономикасында 2029 жылға қарай 3,6 млн сапалы жұмыс орнын қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл жұмыспен қамтудың жалпы құрылымында 45%-ды құрайды. Бүгінгі күні Тұжырымдаманы бекіту туралы қаулының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының қарауында.
Источник: qazaq.asia