Жұмысқа орналасу және заңнаманы сақтау: қарауды қажет ететін мәселелер

Жұмысқа орналасу және заңнаманы сақтау: қарауды қажет ететін мәселелер

128 rob

Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 13 адамның мәселелерін қарады, деп хабарлайды DKNews.kz.   

Қазақстандықтар министрге мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету, оның ішінде санаторийлік-курорттық емдеу және техникалық оңалту құралдарын ұсыну, жұмысқа орналастыру және еңбек заңнамасын сақтау, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер беру бойынша сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика