175 Awrora
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Павлодарда қызметтік ит қару-жарақ жасырылған орынды тапты, деп хабарлайды DKNews.kz.
21 қараша күні «102» нөміріне бейтаныс адам қоңырау шалып, әуежай маңындағы саяжай алқабында қару-жарақ жасырылғанын хабарлайды. Оқиға орынына полиция қызметкерлерімен бірге кинология қызметінің маманы сержант Талғат Кабдрахманов «Балли» есімді қызметтік итімен жедел жетеді. Белгіленген аумақты тінтіп шыққан иісшіл ит саяжайдағы қамыс арасын айналшықтап, тығылған қару-жарақтың үстінен түседі. Тексеру барысында атылмаған снаряды бар РПГ-18 гранаметі және «RECK – 8000» маркалы газ тапаншасы табылды.
Еске салайық, 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өткен жылы да «Дица» есімді қызметтік итімен заңсыз сақталған қару-жарақ қоймасын тапқан болатын. Қызметтік міндеттерін адал атқарып көзге түскен кинологпен оның төрт аяқты көмекшісі алдағы уақытта Ұлттық ұлан қолбасшылығы тарапынан марапатталады.
Источник: qazaq.asia