145 Awrora
Фотосурет: arkpress.kz
Үкіметте Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын дамытудың кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Үкімет Қостанай облысының Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдар кезеңіне арналған кешенді жоспарын бекітті.
Арқалық – Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан қала. Арқалық қаласы 1956 жылы боксит кен орындары тобының айналасында құрылған. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қала халқының саны 38,4 мың адамды құрайды.
Амангелді және Жангелді аудандары Қостанай облысының оңтүстігінде және оңтүстік-батысында орналасқан. 1928 жылы құрылған, негізгі мамандануы ауыл шаруашылығы болып табылады. Амангелді ауданының халық саны 13,5 мың адамды, Жангелді ауданының халық саны 10,8 мың адамды құрайды.
КДЖ шеңберінде жалпы құны 504,4 млрд. теңгеге 137 іс-шара қарастырылған. Осы соманың 59,4 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 21,1 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлініп, 423,9 млрд. теңгесі басқа қаржыландыру көздерінен жабылады.
Аудандық ортаны жоспарлау
Амангелді ауданының 10 ауылы және Жангелді ауданының 21 ауылы бойынша жер учаскелеріне төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, елді мекендердегі бағалау аймақтары шекараларының сызбаларын әзірлеу көзделген.
Экономиканың нақты секторы
Негізгі қаржылық қолдау өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлік қызметті дамытуды қоса алғанда, экономиканың нақты секторын нығайтуға бағытталады.
Бұл инвестициялар Ақжал кен орнының нефритоидты өңдеу зауытының құрылысы (100 жұмыс орнын құрумен), белгіленген қуаты 48 МВт жел электр станциясының құрылысы, отқа төзімді сазды өндіру және сирек жер шикізатын қайта өңдеу (620 жұмыс орнын құрумен), Маятас кластерінің кен орындарын геологиялық зерттеу және тау-кен байыту комбинатының құрылысы (1200 жұмыс орнын құрумен) сияқты әр түрлі жобаларды іске асыру үшін пайдаланылады.
Амангелді ауданында – құрамында алтын бар полиметалл кендерін қайта өңдеу фабрикасын салу (350 жұмыс орнын құрумен), Жангелді ауданында – Шилі ауылдық округінде тау-кен байыту комбинатын салу (350 жұмыс орнын құрумен).
Ауыл шаруашылығы секторын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Осы бағыт шеңберінде Арқалық қаласындағы құс фабрикасында жұмыртқа өндірісін жыл сайын 250 млн. жұмыртқа деңгейіне дейін жаңғырту және кеңейту жөніндегі қадамдар жоспарлануда.
Бұдан басқа, 19400 бас ІҚМ мен ұсақ малға арналған бордақылау алаңдарын құру, сондай-ақ мал шаруашылығы кешендерін салу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, экономикалық белсенділікті ынталандыру, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу.
Тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Арқалық қаласында (жыл сайын кемінде 20 адам), Амангелді ауданында (жыл сайын кемінде 10 адам) және Жангелді ауданында (жыл сайын кемінде 25 адам) жастар практикасын ұйымдастыру жоспарлануда.
Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қолдау
Денсаулық сақтау саласында шаралар медициналық мекемелердің жағдайын жақсартуға, кадрлар құрамын кеңейтуге және түрлі өңірлерде медициналық көмек көрсету жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шеңберінде жалпы ұзындығы 35,5 км жылу желілерін реконструкциялау, жалпы ұзындығы 130 км кәріз жүйелерін реконструкциялау, сондай-ақ ұзындығы 117,2 км сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүргізу көзделген.
Бұдан басқа, жалпы ұзындығы 146 км (Амангелді және Жангелді аудандарында) қосалқы станциялар мен беріліс желілерін жаңарту жоспарлануда.
Дамудың негізгі аспектілерінің бірі халық арасында цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Бұл 18 ауылда кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым мен АМС құрылысы болып табылады.
Источник: qazaq.asia