Домой Қазақша Инженерлік әскерлер күнін атап өтілді

Инженерлік әскерлер күнін атап өтілді

99
0

Инженерлік әскерлер күнін атап өтілді

291 rob

Аягөз гарнизонының 02352 және 41446 әскери әскери бөлімдерінің жеке құрамы Қарулы Күштеріміздің инженерлік әскерлер күнін ерекше дайындықпен атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

21 қаңтар — инженерлік әскерлердің құрылуына негіз болған күнтізбедегі ерекше маңызға ие күндердің бірі. Өйткені, инженерлік әскерлер басшылығы мен жеке құрамының қолдау хаты бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы №8 бұйрығымен дәл осы күні инженерлік әскерлер күні боп бекітіледі және ол  қазіргі таңда дәстүрлі түрде жылсайын аталып келеді.

Аталмыш құрылым Қарулы күштердің құрылған сәтінен бастап қызмет етуде. Армияда оларға жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу үшін жағдай жасау бойынша айрықша тапсырма жүктелген. Қарулы күштерде инженерлік әскерлер қозғалыс жолдарын, көшіру маневрлерін инженерлік барлау, мина-жарылғыш қоршауларды орнату, жолдарды, су кедергілері арқылы өткелдерді жабдықтау және ұстау, шептерді, бекіністерді, әскери бөлімдердің орналасу пункттерін фортификациялық жабдықтау, басқару пункттерін өрістету бойынша тұтас тапсырмалар кешенін орындайды.

Осындай бейбіт күнде де қауіпті қызмет атқаратын инженерлік әскерлердің төл мерекесі күні Аягөз қаласының мәдениет үйінде 02352 және 41446 әскери әскери бөлімдерінің басшылығы бірлесіп жеке құрам мен олардың отбасы мүшелеріне арнап салтанатты жиын өткізді.

Шараға шақырылған отбасы мүшелерінен бөлек құрметті қонақтар қатарында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Көпжасаров пен гарнизон бастығы Дәулет Сүттібаев бастаған әскери бөлімдердің командирлері де төрден орын алды. Жиында қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, инженерлік әскерлердің жеке құрамы мен командиріне ақ тілектерін білдіріп, сый-сыяпаттарын жасады.

Жиын барысында сөз алған 02352 әскери бөлімінің командирі майор Азамат Шайсұлтанов пен 41446 әскери бөлім командирі полковник Есет Умербаев жеке құрамды құттықтап, мерекелік бұйрықпен әскери бөлімде қызметін адал атқарып, ерен еңбегімен еленіп жүрген бірқатар офицерлер мен әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ пен мадақтама қағаздарын табыс етті.

— Бүгінгі инженерлік әскерлер күніне арналған іс-шарамыз жеке құрам мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады деген ойдамыз. Кәсіби мерекеміздің қарсаңында барша инженерлік әскерлердің жеке құрамын бүгінгі атаулы күнмен құттықтаймын. Мереке құтты болсын, — деді 02352 әскери бөлімінің командирі майор Азамат Шайсұлтанов.

Айта кетейік, атаулы күнге арналған салатанатты шара «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, жиналған көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму