188 rob
Фотосурет: Астана әкімдігі
23 желтоқсан күні сағат 14:00-де Астана ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Хан шатыр» СОО-да өрт туралы келіп түскен хабарламаға шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жергілікті орында 66 адам жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер келген бойда 5 минут ішінде артқы подъезден қою қара түтін шығып жатқаны, 0-қабаттағы жеке 10 кВ трансформаторлық қосалқы станса мен кабель шахтасының жанып жатқаны анықталды.
Елорда ТЖД мәліметінше, өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сол жерде жеке құрамның 66 адамы және Астана ТЖД техникасының 14 бірлігі бар өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.
Источник: qazaq.asia