Халықтардың өзара іс-қимылы және бай тарихты ашу: Қазақстан мен Әзірбайжан Мәдениет күндерінде бірігеді

Халықтардың өзара іс-қимылы және бай тарихты ашу: Қазақстан мен Әзірбайжан Мәдениет күндерінде бірігеді

251 rob

Фотосурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

2-5 желтоқсан аралығында Әзербайжан Республикасында Қазақстан Республикасының Мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл және қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарын нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өткен болатын. Сондай-ақ, іссапар барысында  екі елдің мәдениет күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Баку қаласында басталған іс-шаралар халықтарды жақындастырып, олардың терең тарихы мен бай мәдениетін паш етеді.

Мәдениет күндері аясында «HasSak» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің жеке концерті өтеді. Шығармашылық ұжым соңғы 10 жыл ішінде қазақтың дәстүрлі музыкасының қайталанбас жанрларын заман ағымына сай жаңғыртып, ұлттық аспаптарда орындау арқылы дәстүрлі өнерді дәріптеп келеді.

Сондай-ақ, Баку қаласының тұрғындары мен қонақтары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Қарагөз» қойылымын тамашалай алады.

Негізгі іс-шаралар 4 желтоқсанға жоспарланып отыр. Бұл күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Қазақстанның бейнелеу өнері көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде әртүрлі жанрлар мен стильдерде жұмыс істейтін қазақстандық суретшілердің 46 бірегей туындысы қойылады. Қылқалам шеберлерінің әрбір жұмысы – қазақ өнері мен мәдениетіне жаңаша көзқарасты көрсетеді.

Мәдениет күндерін Қазақстан өнер майталмандарының гала-концерті қорытындылайды. Іс-шараға Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Әлішер Каримов, Медет Чотабаев, Әйгерім Бекетаева, «IL Canto», «Violas»,  «T&Y» топтары мен «Ұлытау», «Сазген сазы» және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, сондай-ақ, «Фикрет Амиров атындағы Әзербайжан мемлекеттік ән-би ансамблі» қатысады.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндерін өткізу жоспарланып отыр.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика