234 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанада Байқоңыр ауданында 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы және «Көгалдандыру жарғысы» аясында қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2024 жылы жүзеге асырылатын жобалардың сараптамалық кеңесінің төрағасы болып ҚР мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Дархан Қамзабекұлы осыған дейін Президент әкімшілігінде Мәдениет және ақпарат министрі, әкім және тағы да басқа басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Қоғамдық талқылауға ауданның белсенді тұрғындары, сараптамалық кеңес төрағасы мен мүшелері, елордалық мәслихат депутаттары, Астана қаласы Урбанистика орталығының, қалалық жергілікті мекеме өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Қоғамдық талқылау барысында 2024 жылға арналған ауданның даму жоспары, оның ішінде абаттандыру және көгалдандыру жұмысы талқыланды.
Айта кетейік, көгалдандыру жарғысы – қаланың барлық қатысушылары, оның ішінде тұрғын үй кешендері, өнеркәсіптік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес орталықтарына сапалы көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аудару құралы болып саналады.
Құжат аясында жасыл желектер, суару жүйелерімен және күтім жұмыстарымен қамтамасыз ету, ағаштар саны бойынша регламент және т.б. талаптар қабылданатын болады.
Жоғарыда аталған қоғамдық талқылаулар жыл соңына дейін тұрақты жалғасатын болады.
Источник: qazaq.asia