253 rob
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алмалы ауданында ХҚБ 2022 бағдарламасының 2 кезеңі аясында 34 жоба іске асырылуда, оның ішінде 20 – аула аумақтарын жөндеу, 8 – автосуаруды орнату мен көгалдандыру, 5 – қоғамдық кеңістіктер құру және 1 – урналарды орнату бойынша, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл туралы аудан әкімі Айдар Жақыбаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтып, бүгіндегі 30 жоба орындалды, 4 жоба бойынша жұмыстар жүруде.
«Абаттандыру қала мен ауданның барлық бағдарламаларының маңызды бөлігі болып табылады. Біз жүзеге асыратын жобалар сапалы қалалық ортаны құруға үлес қосады және Алматыда күнделікті жайлы өмір сүруге ықпал етеді. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында біз тұрғындармен бірлесіп аула аумақтарын абаттандыруды көп қамтимыз. Жоба тұрғындарды кез-келген жергілікті проблеманың айналасында біріктіреді, көршілерді талқылауға тартады, ауланы, саябақты немесе алаңды қалай жақсы жабдықтау керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Тұрғындар ұсынған жобалар 2020 жылы жүзеге асырыла бастады», — деді әкім.
Бойынша ағымдағы жылы Алматының барлық сегіз ауданы «Халық қатысатын бюджет» аясында өз жобаларын дамытуға қосымша 7 млрд теңгеден алған болатын. Алмалы ауданына бағдарламаны іске асыруға қосымша 875 миллион теңге бөлінді.
Источник: qazaq.asia