Халықаралық деңгейде тану: Қазақстан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетіне сайланды

Халықаралық деңгейде тану: Қазақстан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетіне сайланды

195 rob

Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі конвенцияға тарап мемлекеттері Бас ассамблеясының 24-ші сессиясында дауыс беру нәтижесінде 2023-2027 жылдар мерзіміне ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Еліміздің кандидатурасына 118 мемлекет қолдау білдірді. Қазақстанмен қатар Комитет құрамына тағы сегіз жаңа мүше сайланды: Вьетнам, Кения, Корея Республикасы, Ливан, Сенегал, Түркия, Украина және Ямайка.

Дүниежүзілік мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра туралы конвенцияның орындалуына жауапты болып, ЮНЕСКО-ның аса маңызды және ықпалды басқару органдарының бірі болып табылады. Қазақстан аталған органда 2013-2017 жылдары тиімді жұмыс атқарған және оның алдағы қызметіне лайықты үлес қосуға дайын.

21 мемлекеттен құралатын Комитет мәдени және табиғи нысандарды Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды, олардың сақталу жағдайына баға береді және Конвенцияға тарап мемлекеттердің болашақ ұрпақтар үшін осы нысандарды қорғау жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсетеді. Комитетке мүше болу Мәдени және табиғи мұраны сақтау жөніндегі 1972 жылғы Конвенцияға тарап мемлекеттердің сараптамалық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Дүниежүзілік мұра тізіміне Қазақстан аумағындағы 6 ұлттық және трансшекаралық нысан кіреді: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтері, Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, Жібек жолының Чанъань – Тянь-Шань дәлізінің тораптар желісі, Батыс Тянь-Шань және Тұранның суық қысқы шөлдері.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика