204 rob
Фотосурет: КР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
27 желтоқсан күні Жаңа 2024 жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Қарағандыдағы «Шапағат балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне мейрам сыйлады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Аталмыш шараны Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров бастады. Шара барысында әскерилер балаларға Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауын сыйлап, балалармен шырша айналып, әсем әуен айтып тәттіге толы сиқырлы қорапшаларын тарту етті.
«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған, бүгінде біз балалар үйін жаңа жылдық мерекемен құттықтадық, сыйлықтар сыйлап, кішігірім мерекелік шара өткіздік, жыл сайын Ұландық жауынгерлер еліміздің әр қаласында осы тектес шараларға белсене қатысып әрдайым байланыста болады, барлығына мықты денсаулық, бақыт тілейміз Полковник Берік Тоқтаров
«Шапағат» балалар үйінің директоры Роза Тураровнаның айтуынша бүгінде Қарағанды облысы бойынша Шапағат балалар үйніде 62 тәрбиеленуші бар, солардың әрбіріне толық қамды көңіл бөлініп отырады.
«Осындай құрмет көрсетіп, әрдайым біздерді ұмытпай мерекелік, айтулы күндері көңіл бөлгендерге мың да бір рахмет, Ұлттық ұланның балаларға осындай мереке қарсаңында мейрам, көңіл күй сыйлағандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз Балалар үйінің директоры
Мерекелік шара ұжымдық суретке түсумен тәмәмдалды.
Источник: qazaq.asia